Мақаттық Нұрлыбек Ордабаев Қазақстан чемпионатында топ жарды

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. Президент тапсырмасының ауданда жүзеге асуы, яғни спортшыларды қолдаудың нәтижесі көрініп те жатыр. Байрақты бәсекелерде топ жарып, аудан, облыс намысын қорғап жүрген жерлестеріміз қуантып-ақ келеді.

Айталық, Петропавл қаласында муайтайдан ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Нұрлыбек Ордабаев өзінің мықтылығын тағы бір дәледеді. Ауданның ғана емес облыс абыройын талай байрақты бәсекелерде қорғап жүрген ол 57 кг салмақта 3 жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды.
Кіл мықтылар жиналған дүбірлі додада Атырау облысынан 6 спортшы қатысқан болатын. Ал, жерлесіміз алғашқы кездесуінде-ақ алматылық спортшыдан басым түсіп, намысты қолдан бермеді. Жартылай және финалда тағы да алматылық споршылармен кездесіп, қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді.

59549f5f-a555-4191-a29e-a37d32453034
-Бәрі де жарысқа жақсы дайындықпен келген. 6 күнге созылған жарыс тартысты да қызықты өтті. Ал бұл жеңіске үздіксіз жаттығулар мен еңбектің арқасында қол жеткіздім. Одан бөлек, менің әрбір жетістіктерімде бапкерлерім Мейрам мен Ислам Галиевтердің еңбектері зор, - дейді ұлттық құрама қатарындағы мақтанышымыз.

Иә, мұнайлы мекеннен шыққан муайтайшымыздың бұған дейін алған асулары мен бағындырған биіктері көп-ақ. Сайыстарда топ жарып жүрген саңлағымызға жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз!


Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521