Мақатта теміржолшылар арасында спартакиада өтті

(0 Votes)

Теміржолшылардың төл мерекесіне орай спартакиада ұйымдастырылды. Олар футзал, үстел теннисі, армрестлинг және кір тасын көтеру бойынша өзара сынға түскен болатын.

Кез келген спартакиада спорттың №1 түрі деп аталатын аяқдопсыз өтуі мүмкін емес. Оның үстіне футбол десе ішкен асын жерге қоятын мақаттықтардың жаны кіреді.
10 команда қатысқан доп додасы ойыншыларының қатарында аудан, облыс көлеміндегі әуесқой лигада көптің көзіне түсіп жүргендер де болды. Жарыс нәтижесінде «Қамқор Локомотив» сервис орталығы жеңіс тұғырынан көрініп, 25 мың теңгені қанжығаласа, ақтық сында ғана сүрінген №55 атқыштар командасы күміс жүлде мен 20 мың теңгеге ие болды. Ал жүлдегерелер қатарын Мақат стансасының намысын қорғаған жігіттер түйіндеп, 15 мың теңгелік сыйлықты жеңіп алды . Сондай-ақ, Ғабит Омаров «үздік қақпашы», Дәурен Амангелдіұлы «үздік қорғаушы», Қуанышбек Оразбеков «үздік шабуылшы», Дінмұханбет Сұлтанғалиев «үздік ойыншы» атақтары мен 5000 теңгеге ие болды.
Жекелей сын бойынша үстел теннисінен 1 орынды Құспанғали Орысбаев, 2 орынды Нұрболат Бектурсинов, 3 орынды Саламат Кекілбаев иеленді.
Кір тасын көтерудің кезегі келгенде Айбол Бисенбайдан озатын адам болмады. Одан кейінгі орындарға Нұркен Сәрсенбайұлы және Батырхан Ермекбаев жайғасты. Ал, армрестлинг бойынша Айдын Хасановтың басқалардан күші басым болды. Күміс жүлде Нұрбек Өтебайға бұйырса, Думан Құмар қолаға қол жеткізді.
Барлығы 150-ге жуық спортшы қатысқан сайыс енді жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналмақ.
А.Есжан

43de4327-ecd3-4010-83c1-ede6079b8a38

16725bed-5c56-4958-986d-36d6f8269c1b

d0d175c7-f6d3-41b0-b255-67a936a0783e

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521