"Күзгі кроста" жас жеткіншектер

(0 Votes)

Бүгін білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Күзгі кросс" өтті.

Мұғалімдер күніне арналған жарысқа 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туылған мектеп оқушылары қатысты. Аудандық деңгейде өткен бұл шара салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастарды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға шақыруды мақсат етті. Газпром мекемесі алдында сөре сызығына сап түзеген жарысқа қатысушылар "Нұр Отан" партиясының ғимаратына дейін жүгіріп өтті.

9482fae3-f1a4-4554-b245-6c36b57e7192

bcfa5eb1-adba-470d-9e88-13c7ae7ef17a

2003-2004 жылдары туылған ұлдар арасындағы жүгіруден мәреге бірінші болып Ж.Қайратұлы жетсе, екінші болып Д.Хисметов, артынша үшінші болып Ж.Жәмшібай келді. Ал, қыздар арасынан Ф.Сисенғалиева суырылып шығып, екінші және үшінші орынға А.Нұрболатқызы мен Ж.Уталиева табан тіреді.

f529af0d-da9c-43be-add3-44c4cb1d0590

Жарыс жолына шыққан 2005-2006 жылдары туылған жеткіншектерден ұлдар арасында Т.Сайлау топ жарып, М.Жандарбекұлы мен Н.Тлеуалиевте жүлдеден құр қалмады. Ал, қаракөздеріміздің ішінен Д.Кенжеғалиева озық шықты. Оның артынша І.Айболатқызы ізін басып, үшінші орынды Ж.Сапарқызы түйіндеді. Жарыс жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды.

А.Садыков
сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521