Күзгі каникул қызыққа толы болды.
Өткен аптада Атырау қаласында годзю-рю каратэ-додан балалар арасында қалалық ашық чемпионат өткен болатын.
Облыстық спорт және дәстүрлі каратэ-до федерациясы «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен сайысқа 6-7 және 8-9 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Олар каратэмен айналысу уақыттарына, жас мөлшері мен белдік дәрежелеріне қарай екі топқа бөлініп, бақ сынады.
Татамида бақ сынасқан спортшылардың қай-қайсыcы да осал еместігін дәлелдеп бақты. Аталмыш сайысқа Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің каратэшілері де қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп қайтты. Жарыс қорытындысы бойынша, Омар Нұртілек ІІ орын, Қайрат Әділжан ІІ орын, Жақсылық Мұхаммедәли ІІ орын және Жолдығали Ислам ІІІ орын, Эдуард Медина ІІІ орын, Омар Ерқанат ІІІ орын алды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА