Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды. Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.
Н.Әжіқанов бұған дейін үш қарсыласын жолдан тайдырған еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын джиу-джитсуден Нұржан Батырбековтің Азия ойындарының чемпионы атанғанын жазған едік.