Бүгін Жарсуат ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ақберен батыр, дауылпаз ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық ашық турнир басталды.
Аталған турнирге еліміздің 8 және көршілес мемлекеттердегі Уфа, Қазан қалаларынан 160-қа жуық балуан қатысуда.
Айта кетейік, осыған дейін турнир 1981-1988 жылдар аралығында өткен болатын.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі