Екі бірдей жүлдені иемденді

(0 Votes)

Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Қазақстан таланттары» рухани-патриоттық байқауынан Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің шәкірттері жеңіспен оралды.

w

i

i

Баян аспабында ойнаған Ақбота Жолдасова бас жүлде, Әлихан Қанатұлы және Берекет Иманқұл І дәрежелі, Аманбек Естаев ІІ дәрежелі көркем сөз оқу шеберлігі бойынша Адина Асылбекқызы топ жарып, І дәрежелі дипломға ие болды.

Сондай-ақ, өнерпаздар «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Summer stars» І Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестивалінде де бақ сынады. Өнердің жеті түрінен өткен сайыста өнерпаз өрендер тағы да жүлделі орындарын қайталап иеленді. Сөйтіп, маусым айының 14-15 күндері Алматы қаласында өткен екі бірдей конкурстан жүлделі оралды.

Ал, жетекшілері М. Ғинаятов «Үздік тәлімгер» төс белгісімен, Ғ. Ғинаятова алғыс хатпен марапатталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT