Дзюдошылар Оралдан олжалы оралды

(0 Votes)

Жақында Орал қаласында дзюдодан 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Batyr Open Cup турнирі болып өтті.

Аталған жарысқа Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 16 спортшысы қатысып, бақ сынасты. Нәтижесінде 3 спортшы - I орын, 1 спортшы - II орын, 2 спортшы - III орын еншілеп, аудан абыройын асқақтатты.

Атап айтқанда, Эльдар Мади, Фатима Мұхамбетқали, Райымбек Ерғали қоржынды алтын, Нұрали Төлеп күміс, Әбухади Бақытжан, Сайран Нұржанұлы қола медалді қоржынға салып, бозкілем бәсекесінде алдыңғы қатардан көрінді.

Бұл ретте дүбірлі додаға жас палуандарды дайындаған Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұстаздары Азамат Бегалиев, Әділет Тынышқалиев, Ұлықбек Әбілхайырдың еңбегі орасан зор екендігін айта кеткеніміз жөн.

Бапкерлердің айтуынша, жас споршылардың алар асуы әлі алда және олардан күтер үміт көп. Ендеше, палуандарға жеңісті күндерің көп болсын дейміз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT