Жақында Атырау қаласында “Halyk Star - 2024” атты республикалық көп жанрлы байқау өткен болатын.
Аталмыш байқауға Мақат аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қатысып, бақ сынасты. Нәтижесінде, авторлық ән жанры бойынша аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Жасұлан Сисембаев I орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көріне білді.
Сондай-ақ, ақындық өнер жанры бойынша ақындыққа баулу үйірмесінің жетекшісі Асылбек Есжан және шәкірті Равиль Төлеген “Бас жүлдеге” ие болып, “Самая вышка” лагеріне сертификат ұтып алды.
Одан бөлек, би жанры бойынша «Шаттық» үлгілі би ансамблі Супер “Гран При” иегері атанып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Сондай-ақ, ән жанры бойынша Әли Қалбай мен Айзере Ғарифолла I орынды жеңіп алса, Амандық Нұртас пен Сымбат Маңғыстау Супер “Гран При” иегері атанып, аудан абыройын асқақтатты.
Ал, көркем сөз жанры бойынша қатысқан Асылы Рашидқызы, Халиса Ыбырай, Нұрдәулет Есенжанұлы, Жайнагүл Құлжаш І орынды еншіледі.
Жарыс соңында Супер “Гран При” иегерлеріне Қазақстан Ұлттық телеарнасының түсірілімімен өтетін Өскемен қаласындағы Гала концертке жолдама табысталды.
Айта кетейік, бұл ретте мұнайлы ауданымыздың атын шығарып, шәкірттерін жоғары деңгейде даярлаған үйірме жетекшілері Кенжебике Айтмұханқызы, Гүлбаршын Төленқызы, Асылбек Есжан және Айсара Шоқанқызының еңбектері орасан.
Ә.ҚАСЫМ