Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің муайтайшылары өз жетістіктерімен ауданның спорт саласының өркендеуіне үлес қосып келеді.
Өткен аптада ғана Ақтау қаласының 60 жылдығына орай муай-тайдан балалар мен жасөспірім және жастар арасында ашық «Батыс кубогі» өткен болатын. Оған аталмыш спорт мектебінен 17 муай-тайшы қатысып, 7-еуі I орын, 2-еуі II орынды, 4-еуі III орынды жеңіп алды.
Атап айтқанда, К.Полфунтиков, Б.Полфунтиков, Е.Өтеген, А.Рысқали, Е.Түгелбай, А.Бейсембай, Д.Мұратов жүлделі бірінші орын алса, А.Рысқұлов пен М.Мусин екінші орынды еншілеп, Е.Саясатов, Е.Сәрсенбай, Ә.Болатқали мен А.Талап үшінші орынды місе тұтты.
Айта кетейік, барған жарыстан жеңіссіз қайтпайтын муай-тайшылардың әрбір жеңісінде жаттықтырушылары Ислам Галиев пен Нұрлыбек Ордабаевтың еңбегі орасан.
Ә.ҚАСЫМ