Доссорлық дзюдошылар жүлделі оралды

Доссорлық дзюдошылар жүлделі оралды
фото: Спорт мектебінен
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. Бүгінде Президент тапсырмасының жүзеге асуы - спортшылардың жеткен жетістіктерінен-ақ көрініп жүр.

Жақында Астана қаласында 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған қалалық ашық турнир өткен болатын. Аталған жарысқа Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінен 11 спортшы қатысты. Нәтижесінде, әр аймақтан келген 400 спортшының арасында ауданның спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, мұнайлы мекеннің мерейін тасытты.

Атап айтқанда, Тынышбек Мұратұлы, Фатима Мұхамбетқали, Сайран Нұржанұлы жүлделі I орынды иегері атанып, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Мейрамбек Қайыржан, Ернұр Оңғар II орынды еншілеп, қоржынға күміс медальды салды. Ал, Парасат Кенжебай, Эльдар Мади, Райымбек Ерғали мен Ержан Ұзақбай III орынды місе тұтып, үздік үштіктен көрінді. Айта кетейік, байрақты бәсекелерде алдыңғы қатардан көрініп жүрген спортшыларымыздың әрбір жетістігінде бапкерлері Әділет Тынышқалиев, Әбілхайыр Ұлықбек және Азамат Бегалиевтің еңбегі орасан.

Бапкерлердің айтуынша, жас боз кілем шеберлерінің алар асу әлі алда, болашақтарынан үлкен үміт күттіреді.

Әсем ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT