Жас роботшылар жарады

(0 Votes)
Жас роботшылар жарады

Жуырда Атырау қаласында Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Robotek Grand Tournament» чемпионаты өтті.

«Robotek Grand Tournament» чемпионаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдауды мақсат етеді. Сондай-ақ, оқушылар арасында техникалық мамандықтарды танымал ете отырып, қызығушылық оятуды көздейді.

Аталмыш чемпионат 7 санат бойынша өткізілді. Чемпионат қатысушылары «роботек», «инверстік сызық бойымен жарыс», «жеткізуші робот», «мерген», «туды жеткізу», «сұрыптаушы робот» санаттары бойынша бақ сынады. Оған Х.Санбаев орта мектебінің 6 сынып оқушылары Әли Алтынбек пен Нұрәділ Ержанұлы «инверстік сызық бойымен жарыс» санаты бойынша қатысты. Нәтижесінде Әли Алтынбек пен Нұрәділ Ержанұлы II орынға ие болды.

Жас роботшыларымыз алдыңғы чемпионаттарға қатысуға да ниетті. Жаңа робот құрастыруға ынталы роботшыларымыздың болашағынан зор үміт күтеміз!

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521