«Доссор-Мақат» жаңа маусымда

(0 Votes)

Доссор лигасының бастамасымен және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Доссор мәдениет үйінде КТК ойындары өткізілді.

Талантты жастардың шабытын арттыру мақсатында өткен сайыс «Жастар кубогі» деп аталды. Ойынға бес команда қатысты. Олардың қатарында  C.Шарипов атындағы мектеп-интернатының "Сыныптастар" және "Қазақи жастар" командалары, Л.Шахатов атындағы орта мектебінен "Көзайым" командасы, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің "Нәзік жындылар" командасы мен Мақат мұнай және технологиялық колледжінің "Колледж жастары" және Атырау қаласынан "Бәсеке" командасы бар. Командалардың ойыны құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандарбек Сарбасов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова, жеке кәсіпкер Эльмира Нұрғалиева, әнші Аманат Базарғалиев және Доссор суперлигасының директоры Оразбек Исмагулов бар әділқазылар алқасы бағалады.

84980336_2579743615481685_1962522461945724928_o

Ойын барысында қатысушы командалар орынды әзілдерімен көрерменді күлкіге кенелтті. Сайыстың әр кезеңінде өнер көрсеткен ойыншылар тыңғылықты дайындалғандарын көрсетті.

Қорытындысында әділқазылар алқасының шешімімен «Қазақи жастар» командасы чемпион атанып, кубокті жеңіп алды. «Көзайым» тобы І орын, «Сыныптастар» ІІ орын, «Бәсеке» ІІІ орын иеленді.

84440115_2579743675481679_238597957417435136_o

Ерекше шеберлігімен көзге түскен «Сыныптастар» командасының ойыншысы Аяулым Мырзақұлова "Үздік ойыншы" аталымымен марапатталды.     

yzcgoswclgq           

Айта кетейік, аудан жастарынан құралған «Доссор-Мақат» құрама командасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық КТА ойынына жолдама алған болатын. 10-14 ақпан аралығында өтетін жаңа маусым ойынында командаға сәттілік тілейміз. 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521