Өнер ұжымы есеп берді

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйінде "Ауылдан шыққан өрендер" атты есеп беру концерті өтті.

Өнерлі ұжымда кент абыройын асқақтатып жүрген өнерпаздар көп. Доссор мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен үйірме шәкірттері түрлі байқауларға қатысып,  жетістіктерге жетіп келеді.

dossor-1

Ұжымда "Мөлдір мұнай" халықтық фольклорлық ансамблі, "Ардагерлер ансамблі", драма ұжымы, "Еркем-ай", "Балауса" үлкен, кіші би топтары ауданымыздың мақтаныштары деп айтуға болады.

d

Шараны "Еркем-ай" би тобы "Сағым дала " биімен ашса, ардагерлер ансамблі өздерінің әсем қоңыр дауыстарымен "Шилі өзен", "Еркем-ай", "Су тасушы" халық әндерін әуелете шырқады. "Мөлдір мұнай" халықтық фольклорлық ансамблі Құрманғазының "Қызыл қайың серпер", "Жылқышы" күйлерін орындады.

d

Драма ұжымы "Комсорг", "Аламан айтыс" әзіл-сықақ қойылымдарын шебер ойнап, көрермендер жүздеріне күлкі үйіре білді. Кейін А.Садуақасова, Д.Құрмашев, Д.Еримов, А.Төлегенов, Ш.Оңайбеков, "Дос Арт" триосы, А.Сейтова, Қ.Есенжан жан тебірентер ән шырқады.

d

Өнерді жан тәнімен сүйе білетін бұл ұжым осылайша кент тұрғындарына демалыс сыйлап, халықтың ризашылығына бөленді.

d

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева өнер ұжымына шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді.

А.Әбілқасова,
Доссор мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521