Шағын футболдың үлкен жаңалығы

(0 Votes)

Мұнайлы мекеннің мақтанышына айналған шағын футболдан тағы бір үлкен жаңалық.

Бұған дейін жергілікті Локомотив Мақат командасы "Премьер лигада" мерзімінен бұрын қола жүлдегер атанғанын қуана хабарлаған болатынбыз. Енді міне олар федерация кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Бес команданы жарыс жолынан ығыстырған "теміржолшылар" финалдық ойында "Локомотив Атыраумен" күш сынасты. Таблода тең нәтиже тіркелгенімен пенальти сериясында Атыраулықтарға сәттілік серік болды. Бір қызығы дәл осы турнирдің 1/4-ші  ойынында қос бірдей мақаттық ұжым "Бахтияр" мен "Локомотив" кездесіп 3-5 есебі тіркелген еді.

loko-makat

Тартысқа толы өткен тағы бір турнир Атырау қаласының кубогі. Бұл сында "Бахтиярлық" жігіттерге сәл ғана сәттілік жетіспеді. Жартылай финалға дейін жүрісінен жаңылмаған жерлестерімізді "НКОК" командасы тағы да пенальти сериясында ұтты. Осылайша жергілікті қос команда да тек пенальтиден ұтылып  өздерінің осал емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ал, қашанда жеке шеберлігімен өзгелерден оқ бойы озық жүретін Еркебұлан Бейбітұлы Премьер лиганың  үздік  сұрмергені атанды. "Локомотив Атырауда" ойнаған ол турнир барысында қарсыластарының қақпасын 12 голмен тулатқан.

sharafiev-erzhan

Командасын үздік үштікке іліндірген  Шарафиев Ержан да  "үздік қорғаушы" атағына ие болды.Жігіттерімізге  алар асуларың көп болсын дегіміз келеді.


А.САДЫКОВ   

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT