Былғары қолғап шеберлерінің жарысы Абай мерейтойына арналды

(0 Votes)

"Атырауда шетелдік және қазақстандық боксшылардың қатысуымен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жарыс өтті", - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Спорттық шара Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен және «SULEIMEN Promotions» проумоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтті.

5 жекпе-жектен тұратын кәсіпқой бокс кеші санитарлық нормаларға сай көрерменсіз өтіп, жұртшылыққа "ХАБАР" телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Додада қазақстандық 22 жасар Бекзат Нұрдәулетовтің қарсыласы танзаниялық 28 жастағы Ибрахим Маокала болды. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта нокаутпен аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады.

kures
Ал Данила Семенов танзаниялық қарсыласы Мусса Аджибуды төртінші раундта техникалық нокаутқа жіберді. Бұл ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Кештің үшінші жекпе-жегі қазақстандық Евгений Павлов пен Танзаниядан келген тәжірибелі Гудлак Мреманың арасында өтті. Екінші жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Евгений Павлов қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін танзаниялық Мешак Мванкемвамен өткізді. Бірінші орта салмақтағы айқас алты раундқа созылып, төрешілер шешімімен жекпе-жек Жүсіповтің жеңісімен аяқталды.

Басты айқас қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет пен танзаниялық Абдалах Пазимен арасында ұйымдастырылды. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылып, шешім бойынша Нұрмағанбеттің жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, аталған спорттық додада қазақстандық үш бірдей спортшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Олар Данила Семенов, Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов.

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521