Бокс: Ерлан қола жүлдегер атанды

(0 Votes)

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ІІІ республикалық турнир өтті.

«Сен тұр, мен атайын» дейтіндей, еліміздің түкпір-түкпірінен талай мықтылар күш сынасқан сайысқа ауданымыздан Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ерлан Қайырғожа қатысты. 36 келі салмақ дәрежесі бойынша атой салғандардың қатарынан табылған жерлесіміз бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты.

Дубайда өткен Азия біріншілігінде боксшыларымыздың сағы сынып жатқанда, осындай жас өрендеріміздің жетістігі үміт отын қайта жағатындай. Ерланға алған бетінен қайтпай, Бахтияр Артаев, Бахыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев ағаларының жеңісті жолын жалғауды тілейміз.

                                                                                    А.Есжан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT