Балғын өнерпаздардың құрметі

(0 Votes)

Р.Ғабдиев атындағы Доссор өнер мектебінде "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбында мерекелік шара өтті.

Қарттар күніне орай ұйымдастырылған кешке  ардагер ұстаздар және ата-аналар қатысты. Мерекелік кеште  мектеп директоры Мағзом Иманғалиев және ардагер ұстаз Естай Ғинаятов жылы лебіздерін білдірді. Одан әрі шара мектеп қабырғасындағы өнерлі өрендердің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

dossor-2

dossor-1

"Шалқыма" ансамблі "Мереке" шығармасын орындаса, "ЕркеНаз" би тобы "Өзбек" биін билеп, көрермен қошеметіне бөленді. М.Мақсат "Әке-ана" және "Көзімнің қарасы", Н.Қойшығұл "Байтақ елім" әндерін орындады. Д.Тұрлан "Айжан қыз", М.Бейбарыс "Еркесылқым", М.Ерасыл "Шаттанамын", Ә.Естаев "Шөжелерім" шығармаларынан домбырамен сыр шертсе, Д.Серік халық әні "Елигайды" қобыз үнімен шертті. А.Жолдасова "Садом, садом кумасинька" шығармасын баян аспабында және А.Жұмажан "Волнение" шығармасын пианинода орындап берді. А.Темірланқызы және Б.Нұрлан "Ата-аналар туралы" көркем сөзін мәнерлеп оқыды.

Қарттарын қадірлеген жас ұрпақтың келешегі кемел, мақсат мінбері айқын болары сөзсіз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521