Енді Атырауда да вело орталық бар

(0 Votes)

Нұрсаядағы вело орталықтың құрылысы толықтай аяқталып, алғашқы даярлық тобына балалар алынды.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда 50-ден астам бала тыңғылықты даярлық жұмысына кірісіп кеткен. Орталықта 10-15 жас аралығындағы балалар тегін шұғылдануда.

Орталықтың ашылу салтанатына ҚР дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, бас демеуші Ибрагим Ақдрашев, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков, бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Бекзат Нұрдәулетов және жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов қатысып, сәттілік тіледі.

Атыраудағы «Сүлеймен» промоутерлік компаниясының президенті Халиолла Акдрашев пен кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жанабай да жас жеткіншектерге қолдау көрсетті.

Жаттықтырушылар Талдықорған қаласынан шақыртылған және демеушілердің көмегімен «Venu» маркалы 50 велосипед сатып алынды.

«Жаңа орталық болашақ Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін дайындап шығатын «чемпиондар шеберханасына» айналатынына сенемін. Қазіргі таңда балалар үшін қажетті жағдайлар толықтай жасалынған», - дейді басқарма басшысы Р.Ибрагимов.

ATpress.kz

Сурет: @atyrausport

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521