Бөбектер ептілік танытты

(0 Votes)

«Болашақ» бөбекжай - балабақшасында ортаңғы "Шаңырақ" тобының бүлдіршіндерімен "Көңілді эстафета" ойыны өтті.

Балалардың қимыл белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтына бейімдеуді мақсат еткен жарысқа "Балауса" және "Мерей" командалары қатысты. Олар шапшаңдық, белсенділік, алғырлық секілді қасиеттермен қаруланған бөбектердің қашан да алда болатындығын ұғынды.

Бірде едендегі допты қолға алып, түрлі бөгеттерді еңсерсе, бірде гимнастикалық орындық көмегімен жылдам қимылдауға машықтанды. Ұжыммен бірге болып, бірге ойнауды ұғынған кішкене балалар өзара сайысып, қызыққа кенелді. Барлық эстафеталық сайыста қателеспей, ептілік пен шапшаңдық танытқан "Балауса" командасы жеңімпаз атанды.

С.Амандаулетова,

денешынықтыру нұсқаушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT