«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері»

(0 Votes)

Өз ісінің хас шебері, қазақ қолөнерін жаңғырту, ата-бабадан қалған асыл-мұраны сақтап қалу, ұлттық дүниеге көзқарас, ізбасар тәрбиелеу жөнінде қолөнерші, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, 5 дүркін Қазақстанның «Ең үздік өнімінің» жеңімпазы, 3 дүркін «Мінсіз сапа» сыйлығының иегері, 3 дүркін «Халық сүйіктісі» бүкіл халықтық марапатына ие боған.

Төрткүл дүниеде ұлттың ұлы мұрасын ұлықтап жүрген Ырза Тұрсынзада ауданға келіп, «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» тақырыбында М.Баймұқанов атындағы орта мектепте шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына 50-ден астам қыз-келіншектер қатысып, ши құрақтың технологиясы мен құрақтың түрлері үйретілді. Құрақтан жасалған бұйымдарда түрлі-түстер мен ою-өрнектер өз орнын тауып жатады. Бұл қазақ қолөнерінің ерекшелігінің белгісі. Қолөнерші қыз-келіншектермен мінсіз құрақтың шеберлік құпиясымен бөлісті. Мінсіз сапасы, заманауи реңін үйретті. Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, сырттан келген тауарды сатпай, үйде отбасыңыздың қасында отырып, құрақ құрауға болады. Бір қызығы, әу баста ісмерлікті еріккеннің ермегі деп санағандар болғаны рас. Олар бұл кәсіптің пайда әкелеріне күмәнданған. Бұл табысқа кенелудің жолы емес еді, әжелерімізден қалған ұлттық қолөнер оның көңіл қалауы, құштарлығы болатын. Енді қазір кәсібінің нәсібін көріп жүр.

Келесі күні аудандық мәдениет үйінде шеберлік сыныбында тіккен дүниелерінен көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әдемі қазақы нақыштағы көйлектердің көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар қыздың, келіннің, әженің образында қазақ көйлектер киіп келіп, көздің жауын алды.

Шарада «Аналар аманаты» атты деректі фильмі көрсетілді. Қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың электронды каталогының тұсаукесері өтіп, онда 10 жылдық еңбегі, шет елге шыққан жобалары таныстырылды.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев аудан тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді. М.Баймұқанов атындағы орта мектебінің директоры А.Сариева қолөнершіге алғысын білдіріп, алғыс хат табыс етті. Жиын соңында шеберлік сыныбына қатысып, шеберліктерін көрсете білген қатысушыларға қолөнершінің ақысыз сертификаты табыс етілсе, қазақы нақышта киінген қыз-келіншектерді де сый-сияпатсыз қалдырмады.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT