Әзіл мен достық кеші

Әзіл мен достық кеші
фото: автордікі
(0 Votes)

Жуырда  Доссор мәдениет үйінде жастардың өнері мен тапқырлығын сынайтын “TALAPTAN Жастар кубогі” атты КТК ойындары ұйымдастырылды. Аталмыш шараны «Инфо орталық» қоғамдық бірлестігі мен аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесе өткізді.

Сайысқа ауданға қарасты елді мекендерден және көршілес ауылдардан келген жас командалар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жалпы жарыста 8 команда бақ сынап, тапқырлық пен сахна мәдениетін шебер ұштастыра білген жастар көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Ойын барысында әр команда өз өнерін көрсетіп, әзіл-сықақ, сахналық көрініс, музыкалық қойылымдар ұсынды.

Тартысты ойын нәтижесінде жүлделі III орынды мақаттық “VIP” командасы, II орынды “Доссор” командасы иеленді.

Ал жүлделі I орынды исатайлық “Әжесінің балалары” командасы иеленіп, чемпион атанды.

Ал “Біз жанбасақ лапылдап” командасының мүшесі Берекет Базарбай “Үздік ойыншы” номинациясымен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылар атынан сөз алған «Инфо орталық» Заманбек Құрақбай мен Мақат жастар ресурстық орталығының басшысы Есімхан Табылды сайысқа қатысқан барша ойыншыларға алғыс айтып, осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Ж.Қамза

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT