Аяқ допшылардың жарысы басталды

(0 Votes)

Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандар сап түзеді.

Бұл жолғы кіші аяқ добынан өтіп жатқан турнир Мақат ауданының "Құрметті азаматы", Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, мәслихат депутаты Қажымұхан Құмарұлы Елемесовті еске алуға арналды.

img_0888

Осымен он бірінші рет өткізіліп жатқан дүбірлі доданың ашылу салтанатына ақынның жары мен қызы және аудан әкімшілігінен басшылар қатынасты.

img_0852

Ойыншыларға сәттілік тілеп сөз алған аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев осындай жарыстардың ауданымызда  жиі өтетініне тоқталып өтіп, ойын алдында жарыс жолындағыларға жігер сыйлайтындай рухты әндер әуеледі.

img_0890

Бұл жолғы кіші аяқ доп додасына Атырау, Құлсары қалаларынан сондай-ақ көршілес Қызылқоға ауданынан келген  командалар жергілікті Мақат пен Доссор командаларымен қоса күш сынаспақ.

img_0894

Екі күнге созылатын ойындардың кестесін назарларыңызға ұсынамыз, қызыққа толы тартысты бәсекелерден қалыс қалмаңыздар.

123

 А.САДЫКОВ

суреттер автордікі  

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика