Ауданда қарттар арасында турнир өтті

(0 Votes)

 Ауданымыздың ардагерлері спорттық ойындардан қол үзген емес. Сондықтан олардың арасында әртүрлі сайыстар жиі өтіп тұрады.

Жақында Халықаралық қарттар күніне орай шахмат пен үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполовтың айтуынша, бұл бәсекелердің өтуіне ардагерлеріміздің өзі себепші болған. «Біздің басты мақсаттарымыз спорттың бұқаралығын арттыру мен салаутты өмір салтын насихаттау», - дейді бөлім басшысы.

Шахмат турнирының нәтижесінде үшінші орынға К.Саюпов пен С Халенов, екінші орынға К.Мұқашев жайғасса, бірінші орынды Е.Ғинаятов жеңіп алды. Ал үстел теннисі бойынша үшінші орынға Қ.Қуатов пен Н.Сұлтанғалиев, екінші орынға Т.Жауымбаев табан тіресе, бірінші орын тағы да Е.Ғинаятовтың қанжығасында кетті.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан медаль және дипломдармен марапатталды.

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT