Доссорлық муайтайшы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

(0 Votes)

 Муай-тайдан Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы доссорлық Арсен Бисенбай Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Түркия елінің Кемер қаласында 28 қыркүйек және 8 қазан аралығында муай-тайдан жастар арасында өткен әлем чемпионатына 77 елдің 1100 спортшысы бақ сынаған болатын. Дүбірлі дода да жерлестеріміз Арсен Бисенбай және Кирилл Полфунтиков ел құрамасы сапында өнер көрсетті.

16-17 жас аралығында 48 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Арсен алғашқы жекпе жегінде Израйль спортшысы Дан Нэмдты уақытынан бұрын жеңді. Ширек финалда франциялық Джино Хульманды 27:30 есебімен ұтты. Жартылай финалда Алжир елінің өкілі Алим Хасбулатовты айқын басылымдықпен жеңіп, финалда түркиялық спортшы Хамза Ерен Гөксуға есе жіберді. Осылайша Арсен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Арсеннің Әлем чемпионатына бұл алғаш рет қатысуы емес. 2021 жылы Тайланд елінде өткен чемпионатта қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп Әлем чемпионы атанған еді.

Ал тағы бір жерлесіміз 12-13 жас аралығында 42 келі салмақта жұдырықтасқан Кирилл Полфунтиков ширек финалда палестиналық спортшыға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, чемпионатта ел құрамасы қоржынға 7 алтын, 15 күміс және 19 қола жүлде түсірді. Жалпы командалық есепте 77 ел арасында 4-ші орынға тұрақтады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521