Аудан ауыр атлеттері жеңіс тұғырында

(0 Votes)

Ақтөбе қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан облыстық ашық чемпионаты өткен болатын. 

Аталмыш жарысқа Қызылорда, Ақтөбе, Орал қалаларынан және Байғанин, Шиелі, Қандыағаш, Мақат аудандарынан 200 жас атлет қатысып, жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыста аудан атынан бақ сынаған 15 жас атлеттің 4-еуі жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтсақ, Асылбек Жолдасқали 49 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болып, «Ең үздік спортшы» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ, Сұлтанәлім Сұлтанбекұлы 30 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын, Қосмұрза Ерасыл 45 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болды. Ал асса ауыр салмақ дәрежесінде 120 келі зілтемір көтерген Олжас Бектұрған ІІ орыннан көрінді.

Спортшыларды марапаттаған ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы, әрі әлем рекордсмені атанған Илья Ильин жас спортшыларға жігер берді.

Жалпы бүгінде Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі ауыр атлетика үйірмесінде 16 бала жаттығып жүр. Жаттықтырушы Әмір Қосмұрзиев аудан жастарын спорттың бұл түрімен жаттығуға шақырады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT