Ерасыл ел чемпионатының күміс жүлдегері

(0 Votes)

Жақында Талдықорған қаласында U15-U20 жастар арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. 

Дүбірлі додаға Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес үйірмесінде жаттығатын үш балуан қатысып, облыс намысын қорғады.

15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен сайыс барысында 48 келі салмақта Диас Қарасаев үш кездесу өткізіп, бесінші орынға тұрақтаса, 20 жасқа дейінгі жастар арасында 61 келі салмақ бойынша белдескен Амандық Жұмабай жеңіліс тапты.

Ал 92 келі салмақта татами төрінде барын салған Ерасыл Сайранов 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Осылайша Ерасыл күміс жүлдені қанжығасына байлады. Чемпионатта үздіктер қатарынан көрініп, топ жарған жас спортшы бұған дейін де талай мәрте көптеген облыстық, республикалық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Бала кезінен спортқа қызығушылығы бар Ерасыл болашағынан зор үміт күткізетін ұландардың бірі десек қате айтқанымыз емес. Спортшыға қажетті, еңбекқорлық, табандылық, жігерлілік пен бұлқынған күш-қайраты бойында тоғысқан Ерасыл Сайрановтың ел байрағын көкте желбірететін жеңісті сәттерінің көп боларына сеніміміз мол.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT