Парасат тағы да алда

(0 Votes)

Астана қаласында еліміз бойынша жүгіру клубтарының арасында «VII DOCUMENTOLOG CHALLENGE CUP 2023» атты тартысты сайыс өтті. 

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар арасында жеңіл атлетиканы насихаттау мақсатында оздырылған спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен желаяқтар қатысты. Яғни, ел бойынша 11 жүгіру клубтарының мүшелері бақ сынады.

Қандай бәйге болса да қалыс қалмайтын мақаттық жеңіл атлет Парасат Құлмұқанов бұл жарыстың да көркін қыздырды. «Run Time Almaty» жүгіру мектебінің намысын қорғаған ол алдына жан салмай, ІІ орынға ие болды. 3000 метр қашықтықты 9 минут 40 секундта бағындырған ол бұл сайысқа тыңғылықты дайындалғанын айтады.

Парасатпен бірге бұл сайысқа «Run Time Almaty» жүгіру мектебінің 6 мүшесі қатысып, қоржынға 2 күміс, 1 қола жүлде түсірді. Осылайша командалық есепте 11 жүгіру клубтардың арасынан ІІ орынға ие болды. Жеңіл атлетиканың ауданда дамуына Парасат өз үлесін қосып келеді. Қазір ол бұл спортқа жастарды шақырып, шәкірт тәрбиелеп жүр. Осы қарқыннан таймаса, аудан жеңіл атлеттері талай шыңды бағындыратынына сенім мол.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521