«Аудан әкімінің кубогы – 2024»

«Аудан әкімінің кубогы – 2024»
фото: Ж.Қамза
(0 Votes)

 Бүгін Мақат ауданының 100 жылдығына орай «Аудан әкімінің кубогы – 2024» мекемелер арасындағы аудандық спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. 

Салтанатты шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудандық спартакиаданың қорытындысы бойынша жекелей сайыстарды және жалпы командалық есепте жеңіске жеткен командарды марапаттады.

Нәтижесінде 4 күнге созылған ойында жүлделі I орынды "Адандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің” командасы жеңіп алса, II орынды «Доссормұнайгаз» командасы, III орынды «Білім бөлімі» командасы иеленді.

Жарыс соңында қатысушылар арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, спартакиада ойындары спорттың 8 түрінен (футбол, волейбол, үстел теннисі, гір көтеру, жеңіл атлетика, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ) өткізілген болатын.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521