Атыраулық екі пара дзюдошы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
J2 cанаты бойынша +70 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Зарина Раифова үшінші орынға таласта италиялық Каролина Костаны жеңді (10:0).
Жұрқамырза Шүкірбеков J2 санатында 90 келі салмақта сынға түсіп, қола медаль үшін таласта Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.