Мақаттықтар жеңіске жеткен жерлестерін теміржол вокзалынан күтіп алып, ықыластарын білдірген болатын. Ал, сәрсенбі күні аудан әкімі Шәкір Кейкин спортшыларды жеке қабылдады.
Дзюдошылардың алдағы жарыстарына сәттілік тілеп, аудан мерейін әрқашан биіктен көрсетулеріне тілектестігін жеткізді. «Мақаттың ғана емес, біртұтас қазақ елінің беделін көтеріп, биіктен көрінген барлықтарыңызға өз атымнан және аудан халқының атынан алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да, осы деңгейден түспей, биіктен көрінулеріңізді тілеймін. Біз сіздермен мақтанамыз»,- деді аудан басшысы Ш.Кейкин.
Шара соңында жеңімпаз жерлестерімізге аудан әкімінің алғыс хаты табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
Өз тілшіміз