Мақат футзалы тағы бір сатыға биіктеді

(0 Votes)

Байқасақ, әр аудан өздеріне тән белгілі бір спорт түріне бейімделген. Бұл ретте,  біздің оң жамбасымызға келетін қай спорт түрі десек, шағын футбол мен дзюдошылар  мен муайтайшылар таласа кетеді. Әрине күрес пен бокстағы толағай табыстарды да жоққа шығармаймыз. Алайда, бала жасынан қысы-жазы теңбіл доптың артынан қуалап ер жететін біздің жігіттер үшін шағын футболдың орыны тым ерекше.

Жазда қалың жұрттың назарын өзіне аударып,  Мақат лигасында жарысқа түсетіндер, қыс басталысымен қалаға аттанады. Ол жерде де командалар түрлі деңгейдегі лигаларға бөлінеді.

whatsapp-image-2020-03-20-at-16_17_49-1

Айталық,   мақаттық "Бахтияр" мен "Азаматтың" және доссорлық "Саметтің" жігіттері  бірінші лигада өнер көрсетсе, "Мақат Локомотив" екінші лигада доп тебеді. "Доссормұнайгаз" командасы әзірге үшінші лигада бақ сынап жүр. Байқасақ,- бақандай бес команда. Бұған құлсарылық "Өмірзақ" пен  "Атырау Локомотив"  командасында, тіпті ел біріншілігінде "Атырау" командасының сапында көзге түсіп жүрген жерлестерімізді қосып қойыңыз. Айтпақшы, ардагерлер лигасында да "Мұнайшы" деп аталатын алтыншы командамыз бар.  Бұлардың барлығы кешегі атағы жер жарған "НГДУ","Мақат Сервис" секілді командалардың ізбасарлары, елдің мақтаныштары. Жігіттердің жетістіктері де жоқ емес.

img_0884

Кеше ғана бүкіл облыстың намысын Алматыда қорғап, бір мұқтаж отбасының баспаналы болуына себепкер болған "Бахтияр" командасының жаңалығын сіздерге сүйіншілей жеткізген едік. Сан мықтылар сарапқа салатын ел кубогінде де біздің жігіттер бір кездері бой көрсеткен.

Толықтай газетіміздің №12 санынан оқи аласыз!

 

А.САДЫКОВ

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT