"Атырау" қорғаушысы жол апатына ұшырады

(1 Vote)

21 қыркүйекте Атырауда екі көліктің соқтығысуы салдарынан «Атырау» футбол клубының 23 жастағы қорғаушысы Дәурен МӘЖИТОВ ауыр жарақат алды.
Ол түрлі сынықтармен, оның ішінде омыртқа зақымдарымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жас футболшының жағдайы өте ауыр деп бағалануда, қазір дәрігерлер қан донорларын іздестіріп жатыр.

 - Иә, өкінішке орай, ол көлік рөлінде болған. Көлікте тек Дәурен болыпты. Қазір қан іздестіріп жатырмыз. Біздің жігітіміз сүйікті футболына қайта оралып, «Атырау» намысын қорғауды жалғастырады деп үміттенеміз, - деп хабарлады «АЖ» тілшісіне «Атырау» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы  Қуаныш ҚАБДОЛОВ.
 
Атырау облыстық Полиция департаментіндегілер әзірге жол-көлік оқиғасы туралы әлі түсінік берген жоқ.
 
«Екінші» нөмірлі ойыншы Дәурен Мәжитов маусым басталғалы бері алаңда 1275 минут өткізіп, 1 гол соқты.
  - 21 қыркүйекте таңғы сағат бесте Атырауда жол-көлік оқиғасы орын алды - «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «УАЗ» көлігімен соқтығысқан. «Лада» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Материал: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT