Месси мықтылығын тағы бір дәлелдеді

(1 Vote)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Милан қаласында FIFA нұсқасы бойынша әлем үздіктері анықталды, деп жазады Prosports.kz.

«Ла Скала» опера театрына футбол әлемінің беделді тұлғалары жиналды. Футбол сүйер қауым сол жерге көз тіккен. Биылғы жылдың үздіктері кім? Осы сұрақтың жауабын алмаққа жиналған дүйім жұрт ең мықты футболшылардың кімдер екенін естіді. Маусымның үздік голы мен ең үздік жанкүйерлер де осы жерде анықталды. Олай болса, төмендегі кіл мықтылардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Ең үздік ойыншы: Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»).

Үздік қақпашы (ерлер): Алиссон (Бразилия, «Ливерпуль»)

Үздік жаттықтырушы (ерлер футболы): Юрген Клопп (Германия, «Ливерпуль»)

Үздік ойыншы (әйелдер): Меган Рапино (АҚШ, «Сиэттл Рейн»)

Үздік қақпашы (әйелдер): Сари ван Венендал (Нидерланд, «Арсенал» / «Атлетико» М)

Үздік жаттықтырушы (әйелдер футболы):Жиль Эллис (Англия, АҚШ құрамасы)

Ең әдемі гол (Пушкаш жүлдесі): Даниэль Жори (Венгрия, «Ференцварош» қақпасына соққан голы)

Үздік жанкүйерлер (FIFA Fan Award): Сильвия Грекко және оның ұлы(«Палмейрас»)

Әйелдер арасындағы әлемнің символикалық құрамы: ван Венендал (қақпашы), Рено, Бронз, О'Хара, Фишер, Анри, Лавель, Эртц, Морган, Рапино, Марта.

Ерлер арасындағы әлемнің символикалық құрамы: Алиссон (қақпашы), де Лигт, Серхио Рамос, ван Дейк, Марсело (қорғаушылар), Модрич, Френки де Йонг, Мбаппе, Месси, Азар (шабуылшылар).

Еске сала кетелік, 2018 жылы әлемнің үздік ойыншысы болып Хорватия және «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич танылған еді.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521