Еламан - қола жүлдегер

(0 Votes)

Еламан Саясатов - Тайланд елінің Бангкок қаласында өтіп жатырған әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Еламанның бірінші жекпе-жегіндегі алғашқы қарсыласы Макаолық Со Цуен Чуен болды. Бұл жекпе-жекте Еламан өзінің керемет шабуылдары арқылы қарсыласын 30:27 есебімен ұтты.

Келесі ширек финалда Еламан француз тайбоксері Акрам Хамидимен кездесті. Алғашқы раундта төрешілер ұпай санын француз спортшысына берді. Екінші раундта есепті теңестірген Еламан, соңғы раундтта қарсыласынан басым түсіп 29:28 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Еламан Перу спортшысы Николас Янгтан 30:27 есебімен, есе жіберді. Осылайша, ол Қазақстанның қоржынын Әлем чемпионатының қола жүлдесімен толықтырды.

Ал, ағайынды Ищан және Әбіл Галиевтер үшін бұл Әлем чемпионаты сәтсіз аяқталды.

Ишан Галиев алғашқы жекпе-жегінде түрік спортшысы Серкан Кочудан кездесіп, 30:27 есебімен жеңіліс тапты.

Ал, 63,5 келі (А класс) салмақта бақ сынаған Әбіл Галиев чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін Беларусь Республикасынан келген Александр Кернажницкийге қарсы өткізді. Үш раундта да Әбіл рингте басым түсіп, қарсыласын 30:27 есебімен аяқтады. Екінші жекпе-жегінде Әбіл француз спортшысы Селестин Мендескпен шықты. Алғашқы екі раундта жерлесіміз баяу қимылдаса, соңғы раундта өзінің жойқын шабуылын көрсеткен Әбіл қарсыласын есенгіретіп тастады. Дегенмен, төрешілер 29:28 есебімен бұл жекпе-жекті француз спортшысының пайдасына шешті.

Айта кетейік, бұл чемпионат алдында бапкер Ислам Галиев Алматы қаласындағы Бүкіләлемдік бокс академиясында оқу-жаттығу өткізіп, шәкірттерін шыңдаған болатын.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT