Ардагер теміржолшылар сайысқа түсті

(0 Votes)

Мақат кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен теміржолшылар күніне орай шахмат пен дойбыдан жарыс өтті.

Тартысты бәсекеге теміржол саласының ардагерлері қатысты. Шахмат пен дойбы ойындарының нәтижесін қосып есептегенде үшінші орынды Шаяхмет Ищанғалиев, екінші орынды Степан Ильченко алды. Ал жеңімпаз болып Көбейсін Саюпов танылды. Нұрлан Сариев болса белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Қатысушылардың барлығы естелік сыйлықсыз қайтқан жоқ. Олар өз кезегінде мереке қарсаңыңда елеп-ескеріп жатырған Болатбек Сәрсен бастаған кент әкімдігінің ұжымына ризашылықтарын білдірді.

А.Есжан 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT