Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, ең танымал қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында 50+ категориясы бойынша жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат велокоманданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екінші орында — испандық Рауль Патино. Үздік үштікті Адриан Яш түйіндеді.