Қытайлық Vero Cell вакцинасының кезекті партиясы Атырауға жеткізілді

(0 Votes)

Өңірде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 18 тамызда облыстық фарматевтикалық қоймаға ресейлік және қытайлық вакцинаның кезекті партиясы жеткізілді. Vero Cell вакцинасының I және II компоненттерінің 10 мың дозасы, сондай-ақ Спутник V вакцинасының II компонентінің 10 мың дозасы жақын күндері өңірдің егу пункттеріне таратылады.

Қазір Sinopharm компаниясы шығарған Vero Cell Қытай вакцинасының бірінші компонентін облыстың 15 егу пунктінен алуға болады: N 1,2,3,4,5,7 қалалық емханаларда, Геолог емханасында, Жылыой АА, Индер АА, Исатай АА, Құрманғазы АА, Қызылқоға АА, Мақат АА, Махамбет АА. Спутник V өңірдің барлық емханаларында бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT