Өткен тәулікте 47 адамнан COVID-19 анықталды

(0 Votes)

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде 47 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 35, ТШО - 1, Жылыой ауданында - 4, Исатай ауданы - 4 және Қызылқоға ауданында 3 адам. Коронавирустық инфекциясы бар 38 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 9 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 8 адам емделді. Қазір 340 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 32, аудандық инфекциялық стационарларда - 9 науқас ем алуда. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT