Атырау облысының түлектері үшін Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 30 грант бөлді

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев журналистермен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты. Бүгінде өңірдегі кадр жетіспеушілігін жою мақсатында бірқатар жұмыс алға қойылды. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті атыраулық түлектер үшін фармация факультетіне 30 грант бөлді. Бұл - мектеп бітіруші түлектерге үлкен мүмкіндік. Атырау облысының жоғары медициналық колледжінен де жыл сайын облыстық әкімшілік тарапынан 70-тен астам грант бөлініп келеді, деді А.Байдуәлиев.

Сонымен қатар, дәрігерлер мен медбикелер, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында да жұмыстар жоспарлы түрде атқарылып келеді. Жоспарға сәйкес 20 бағыт бойынша басымдық бағытпен 80 тақырып бекітіліп (акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог, балалар хирургы, онколог және т.б.), ол тақырыптар бойынша облыстық медицина ұйымдарында, Ұлттық ғылыми-зерттеу институттарында және Израиль және Германия елдерінде білімдерін жетілдіретін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT