«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы филиалының өкілдері халыққа қызмет көрсету орталығында 2020 жылғы енгізілетін жүйе бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Түсінік жұмыстары аудандық орталық емхана дәрігерлерімен бірлесе отырып акция түрінде ұйымдастырылды. Тұрғындар сұрақтарына қажетті жауабын алып қана қоймай, қан қысымын және қандағы қант мөлшері мен холестиринді анықтап алды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысының филиалы бөлімінің басшысы А.Кәрімжанов акцияның негізгі мақсаты - әр елді мекендердегі тұрғындармен кездесіп, мүмкіндігінше ақпаратты түсіндіру, яғни сақтандыру дегеніміз не? Оның азаматтарға тиімділігі, пайдасы қандай? деген сауалдардың айналасында ой қозғау дейді. Сонымен қатар, жарна төлеу тәртібі де егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қосымша ақпараттық брошюралар таратылды.
А.Садыков
Cуреттер: ашық дереккөзден