Салақ адамға жұқпалы ауру үйір

(0 Votes)

Жаз мезгілі- ішек жұқпалы ауруларының күшейетін мезгілі. Оның ішінде фекалді-оралді жолмен таралатын дизентерия ауруы. Аурудың қоздырғышы - шигелла (Shigella) бактериялары кеңінен таралған.

Аурудың негізгі көзі белгісіз тасымалдаушы немесе науқас адам болып табылады. Дизентерияның жасырын немесе жеңіл формасы бар науқастар, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану мекемелерінде және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдар эпидемиологиялық қауіп төндіреді.

Қоздырғыш жұқтырылғаннан кейін тасымалдаушының немесе науқас адамның ағзасынан 10 күн ішінде бөлінеді. Содан соң сауығу кезеңі басталады. Ол кезде ауру тудыратын микроағзалардың бөлінуі мүмкін.

Дизентерияны алдын алу шаралары өте қарапайым және жеке гигиена ережелерін сақтаудан тұрады. Базардан немесе супермаркеттен сатып алынған аскөк, жемістер, көкөністер пайдаланар алдында міндетті түрде ағынды суда мұқият жуылуы тиіс. Суды табиғи су қоймаларынан пайдалануға қатаң тыйым салынады. Егер үйіңіздегі краныңыздан аққан құбыр судың тазалығы күмән тудырса, қолданар алдында оны қайнатқан жөн.

Дизентерия - өте жұқпалы ауру. Бірақ оның алдын алуға әркімнің мүмкіндігі бар. Жеке гигиена ережелеріне немқұрайлы қарамаңыз, өзіңізге және өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз, сонда ғана Сіз осы жағымсыз ауруға шалдықпайсыз.

М.Халелова,

«Ұлттық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесі бактериологиялық зертхана зертханашысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT