Өңірде коронавирус індетінен жазылып шыққандар саны 233 адамға жетті

(0 Votes)

Өңірде Covid-19 індетінен айығып шыққандардың саны 233 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 7 адам айығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін ер адамдар.

- Қазіргі уақытта емделіп шыққандардың жағдайы қалыпты, өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, - дейді жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 233-ге жетіп отыр. Оның ішінде 156-ы – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT