Қызылшаға қарсы екпе алды

Қызылшаға қарсы екпе алды
фото: А.Асанованың жеке фото жинақ қорынан алынды
(0 Votes)

Ауданда қызылша жұқпасының таралуына қарсы шара қолданылуда. Әсіресе, мектепке дейінгі мекемелерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ қызылшаға қарсы жаппай қосымша иммундау жүзеге асырылмақшы. Оған аудандағы ауруханаларға 800 дана вакцина жеткізілді.

Қосымша иммундауға 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі және 2 жас – 4 жас, 11 ай 29 күн аралығындағы балалар қатыстырылады. Сондай-ақ, 55 жасқа дейінгі бұрын егілмеген медицина қызметкерлері жатады.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Анаргүл Асанова медициналық қызметкер ретінде қызылшаға қарсы қосымша екпе алды. Сондай-ақ баласы Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің 0 сынып оқушысы Ералы Азаматұлыда 6 жастағы қызылшаға қарсы екпені ектірді.

Айта кетейік, қызылша жұқпасы өршіп тұрғандықтан 18 жасқа дейінгі бұрын екпе жасалмаған ел тұрғындарына да егіледі.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT