Ауданда қызылша жұқтырғандар саны 70-ке жетті

Ауданда қызылша жұқтырғандар саны 70-ке жетті
фото: azattyq-ruhy.kz
(0 Votes)

 Елімізде қызылша дертін жұқтырғандардың саны күрт өсуіне байланысты оның адам өміріне төндіретін қаупі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, вакцинациялаудың маңызы зор екені айтылып келеді.

Ауданда қызылша ауруы алғаш рет 12 қыркүйек күні «Ботақан» балабақшасының тәрбиеленушісінен анықталған болатын. Одан кейін бүгінгі күнге дейін қызылша жұқтырған науқастардың саны 70-ке жетті.

70 науқастың қан сынамасы Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында зерттелген. Оның ішінде 52-сі оң, 9-ы теріс нәтиже берсе, 2 науқасқа қызылшаның күдікті аллергиялық дерматит диагнозы қойылған. Ал, 9 күдікті науқастың қан сынамасы әлі зерттелуде. Мамандардың айтуы бойынша, науқастардың көбі кәмелет жасына толмаған. Ересектер де жоқ емес. Атап айтсақ, «Ботақан» ясли-бақшасынан – 9 тәрбиеленуші және 1 тәрбиеші, «Сандуғаш» бөбекжай балабақшасынан – 2 тәрбиеленуші, «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасынан – 4 тәрбиеленуші, «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасынан – 3 тәрбиеленуші, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінен – 7 оқушы және де А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің атындағы – 1 науқас қызылша ауруымен тіркелген.

Қызылша ауруының өршуіне байланысты Дүниежүзілік жаппай қосымша иммундау басталған болатын. Қосымша иммундауға 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі және 2 жас – 4 жас, 11 ай 29 күн аралығындағы балалар қатыстырылады. Сондай-ақ, 55 жасқа дейінгі бұрын егілмеген медицина қызметкерлері жатады. Оған аудандағы ауруханаларға 800 дана вакцина жеткізілді.

Қызылша вирусы ауамен тарайды және заттардың сыртында екі сағатқа дейін сақталады.

Науқаспен байланысқа түскен 10 адамның 9-ы қызылшаға иммунитеті болмаса, ауру жұқтырады. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде түкірікпен бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің екінші күні мен бөртпелер шыққаннан кейінгі 4 күн аралығында ауырған адам инфекция көзі ретінде айналадағыларға қауіпті таратушы болады. Ал, бесінші күннен бастап, бөртпелері бар адам ауруды жұқтырмайды. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында анасынан берілген антиденелері сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез келген жаста ауру жұқтыруы мүмкін.

К.Мендығалиева,

Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының статист маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT