Мақаттық екі тұрғын індет жұқтырды

(0 Votes)

824 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 215 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 16 адам анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 29, Индерде - 18, Исатайда - 15, Махамбет ауданында - 11, Мақатта - 2, Құрманғазыда - 5, Қызылқоғада - 9 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 219 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделіп шықты. Қазір 1282 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 194, №2 облыстық ауруханада -172, фтизиопульманологиялық орталықта - 91, кардио орталықта - 109, аудандық инфекциялық стационарларда – 184 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 74 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT