Жуырда облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен аудандық аурухананың бас мейірбикесі Шолпан Тағаниязова Израиль мемлекетінде біліктілігін арттырып келді.
"Мейіргер ісіндегі менеджмент" атты халықаралық деңгейдегі 108 сағаттық біліктілік курсы ел астанасы Тель-Авив қаласындағы Соракси клиникасында өтті. Аталған клиника халықаралық JCI стандарттарына сай аккредитацияланған көпбейінді емдеу мекемесі болып саналады.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған 2 апталық біліктілік сағатында "Шенбрун мейірбике мектебі" оқытушысы Борис Шнайдман жетекшілігімен тағылымдама өткізілді. Онда Израиль мемлекетінің денсаулық сақтау жүйесі, мейіргер ісіндегі білім беру жүйесі мен емделуші қауіпсіздігі тақырыптарында сабақ өтіліп, қауіп-қатер менеджменті, сапалы ем жүргізу бағдарламалары, кейс менеджмент бойынша теориялық дәрістер өтті. Сондай-ақ, бас мейірбикелер клиникада орналасқан аға мейірбикелердің жұмыс барысымен танысып, теорияны практикамен сабақтастыра білді.
- Атырау облысы бойынша 10 адам барып, тәжірибе жинақтап қайттық. Медицинасы әлемнің үздіктері қатарына кіретін елдің заманауи технологиялармен таныстық,-деді Шолпан Тағанияз.
Тағылымдама барысында облыстық делигация науқастарға ем және күтім жасау стандарттарын толықтай меңгеріп, сертификат алып қайтты.
А.Таубай