Ауданның бас санитариялық дәрігері тағайындалды

(0 Votes)

Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып  Алпысбаев Бауыржан Бақытжанұлы тағайындалды.

Бауыржан Бақытжанұлы 1986 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004-2010 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің “медико-профилактикалық іс”  мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2010 жылы Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әйтеке би аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары  Әйтеке би аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы, Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әйтеке би аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы, Мәртөк  аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Қарғалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылдан осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарғалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Бюрабекованың “Алғысы” наградасымен марапатталған.

   Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT