Коронавирустан қорғанудың әдістері
- Қол гигиенасын ұстаныңыз.Қолды сабынмен жиі жуыңыз және қолды дезинфекциялау құралдарын (тері антисептиктерін) жөтелгеннен, түшкіргеннен кейін қолданыңыз.
- Тамақ әзірлеудің алдында, сондай-ақ науқастардың жеке заттарын қолданған жағдайда көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз;
- Міндетті түрде бетперде киіңіз;
- Бейтаныс адамдардан 1-2 метр арақашықтықты сақтауға тырысыңыз;
- Ауырып жүрген адамдардан және олардың заттарына жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда бетпердемен қорғаныңыз;
- Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдаланыңыз, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз;
- Бөлмеңізді жиі желдетіп, ылғалды тазалауды жүргізіңіз;
- Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданар алдында мұқият жуыңыз;
- Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтаныңыз, дене шынықтырумен айналысыңыз және толыққанды сегіз сағат ұйықтаңыз;
- Егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса, дер кезінде арнайы медициналық көмекке жүгіну қажет.
Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
департаменті
Сурет: ашық дереккөз