Денсаулық мекемесіне жылжымалы ПТР-зертхана берілді

(0 Votes)

Атырау облыстық Обаға қарсы күрес станциясына жылжымалы зертхана берілді. Онда тәулігіне 500 адам ПТР-сынама тапсыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Зият Әбделдің айтуынша, мұндай мобильді зертхана бактериялық, инфекциялық зерттеулерді жедел анықтауға жол ашады.

201026232600293a3711085i

«КамАЗ» көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі зертхананы аудандарға да апаруға болады. Өйткені, Еуро-5 стандартына жататын зертханасы бар көлік құмды, тау-тасты жолмен жүре алады. Жылжымалы зертхананы алыс елді мекенде, далада аса қауіпті инфекцияларға, дербес және инфекциялық ауру ошағында медициналық мекеме жанындағы іссапарға жіберілген стационарлық сараптама орны ретінде пайдалануға болады», - дейді Зият Әбдел.


Оның айтуынша, ПТР-зертхана бактериологиялық, серологиялық, иммуноферменттік талдау жүргізу жиынтығымен, көлік ішінде желдету, қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Онда дәрігер мен зертханашылардың қауіпсіз жүмысы үшін барлық жағдай жасалған.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT